«Қамқорлық» бағдарламасы
1-қазан Халықаралық қарттар күні. Бас ассамблея 1990 жылы 14 желтоқсанда 1 қазанды Халықаралық қарттар күні деп қаулы етті. Басында қарттар күнін Еуропада, кейін Америкада, ал 80 - жылдардың , аяғында барлық әлемде атап өтетін болды. 1993 жылдан бері біздің елімізде де Қарттар күні аталып өтетін болды. Қарттарымыз, біздің ардақты да, асыл қазынамыз. Сондай-ақ, жасына лайықты ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді. Міне осындай теңеуге лайықты қарияларды жылына бір рет келетін 1 қазан Қарттар күнімен құттықтап отыру, әрбіріміздің парызымыз. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан - жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Осы орайда, А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада «Қамқорлық» бағдарламасы аясында кітапхананың қарт оқырмандары Қойшыбаев Орынбек және Аукенов Алиасқар ағайларымызды мереке қарсаңында құттықтап, ұжымның атынан сый құрмет көрсетілді. Шара соңында қарияларымыз ұжымға рахметін айтып, «Үй алдында төбең болса, ерттеулі тұрған атпен тең, ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең» дегендей ақыл айтып өнегелі, жылы лебіздерін білдірді. Шараның мақсаты - Көпті көрген дана-гөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін бойларына сіңіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет ете білетін инабатты, ақылды, ата - баба аманатына адал, ұлттық тәлім - тәрбиені бойына сіңірген, еңбекқор, кішіпейіл, мейірімді, төзімді, өнерлі тұлға тәрбиелеу.







