Ұлттың ұлы ұзтазы

   Қалалық орталықтандырылған жүйесінің қарасты №1 кітапханада   Ұстаздар  күніне орай   ақын, ұлт ағартушысы  А.Байтұрсыновтың  150 жылдығы аясында «Ұлттың ұлы ұзтазы» атты кітап көрмесі  ұйымдастырылды.  Шараға М.Ықсанов атындағы колледж  студенттері және кітапханашысы Ж.Ералина қатысып,  жас оқырмандар А.Байтұрсыновтың «Мысал» «Туған тілім»т.б өлеңдерінен үзінді оқыды.
   Әр дәуірге лайықты кемеңгер адамдар өмір сүреді. Ал қазақ халқының тарихында болмысы бөлек, мінезінің байлығымен, терең білім, ақыл-парасатымен дараланған ұлы адамдар өмір сүрді. Бір басында сан салалы өнер тоғысқан тілегей теңіз энциклопедиялық білім иесі қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі Ахмет Байтұрсыновтың 150 жыл толуына орай ұйымдастырылып отырған кітап көрмесі  А.Байтұрсыновтың өмір жолына арналады.

 
03 қазан 2022 ж. 234

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам