Қазақ поэзиясындағы ұстаз бейнесі
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №4 кітапханада Ұстаздар мерекесіне орай «Қазақ поэзиясындағы ұстаз бейнесі» атты әдеби оқу өткізілді. Шараға Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің Қосымша білім беру оқу –әдістемелік орталығының мәдени ағартушысы Бақыт Бектібайқызы және №253 орта мектебінің мұғалімі Теміркулова Айжан қатысып, кітапхана оқырмандары Төлеген Айбергеновтың «Ұстазға», Фариза Оңғарсынованың «Ұстазым», Мұзафар Әлімбаевтың, Ғафу Қайырбековтың өлең –жырларын жатқа оқыды.







