Ахмет Байтұрсыновтың даналық тағлымдары
Ақжарма ауылдық №9 кітапханада №218 мектеп кітапханасымен бірігіп, Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерей тойына орай "Бір ел- бір кітап" Республикалық акциясы аясында "Ахмет Байтұрсыновтың даналық тағлымдары" атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды.. Көрмеге қазақ тілі білімінің іргетасын қалаушы, ірі-ғалым, ағартушы – педагог, сөз құдіретін танытқан танымал ақын, қазақ баспасөз тілінің ұлттық үлгісін көрсеткен талантты публицист, туған халқының рухани дүниесін көтеруге көп күш жұмсаған мәдениет қайраткері – Ахмет Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш», «Тіл тағылымы», «Маса», «А.Байтұрсыновтың тілтанымдық мұрасы» т.б. қаламынан туған шығармалары қойылды.







