Ұлт бірлігі –ел ұйытқысы
А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада Қазақтардың дүние жүзілік құрылтайына-30 жыл толуына орай «Ұлт бірлігі –ел ұйытқысы» атты таным сағаты өткізіліп, оқырмандарға жалпы Дүниежүзілік құрылтай жайлы толығырақ ақпарат берілді.
Мақсаты: Оқырмандарға жалпы құрылтай туралы мәлімет бере отырып, Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы туралы жазылған әдебиеттерді насихаттау, кітапханаға оқырман тарту.
Дүние Жүзі Қазақтарының Құрылтайы – Алматы қаласында 1992 жылы 28 қыркүйек пен 4 қазан аралығында дүние жүзі қазақтары өкілдерінің қатысуымен өткен құрылтай. Дүние Жүзі Қазақтарының Құрылтайына ТМД елдерінен 350 адам және көптеген шет елдерден делегаттар қатынасты. Өзінің қайнар бастауын сонау 1992 жылдан алатын әлем қазақтарының Құрылтайлары жер шарының түкпір-түкпірінде тұратын этникалық қазақтардың іскерлік сұхбаты алаңына айналды.