Халықтың бір туар перзенті

   Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты  №17 Қызылжарма ауылдық кітапханасында елімізде қазақ әдебиетінің қазыналы туындыларын насихаттау, оқу мәдениетін қолдау және дамыту, жастарды рухани және патриоттық тәрбиеге баулуға бағытталған «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Алаштың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығына арналған «Халықтың бір туар перзенті» атты әдеби кеш өткізілді.        Кеш барысында кітапхана оқырманы Амантайқызы Ақнұр А. Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына тоқталып, кітапхана оқырмандары ұлт ұстазының «Оқуға шақыру»,  «Аққу, шортан һәм шаян», «Қазақ салты» өлеңдерін оқыды. Шараға №144 С. Әлжіков атындағы мектептің оқушылары сынып жеткшісі Г. Нұртаевамен қатысып,  оқушылар кітапхана оқырманы ретінде тіркелді.  Заманымыздың заңғар жазушысы М. Әуезовтің сөзімен айтқанда «А. Байтұрсынұлы қазақ халқының рухани көсемі».

   
06 қазан 2022 ж. 213

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам