Ұлттық сана және салт-дәстүр

  Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №6 кітапхана «Рухани қазына» бағдарламасы аясында  «Ұлттық сана және салт-дәстүр» атты танымдық сағат өткізді. Іс-шараға С. Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінің студенттері қатысты. Іс-шара барысында өскелең ұрпаққа  кез-келген адамзат баласының негізгі рухани ұстанымы, үштағаны, үш тірегі ол – ұлты, діні, Отаны және ұлттық құндылығымыз ұлтымыздың  мәңгі өзімен бірге жасасып келе жатқан салт-дәстүрінде, ұлттық өнерінде екені түсіндіріліп, әлемнің қай жеріне бармаңыз, «Сіз кімсіз?» деген сауалға адамзат құндылықтарының негізі қалыптасқан, іздеушісі, сұраушысы бар, сан ғасырлық тарихы мол қазақ ұлтының өкілімін, ұлтым – қазақ, дінім – Ислам, Отаным – Қазақстан деп мақтанышпен, нық сеніммен айту керектігі жан-жақты айтылды. Оқырмандарға кітапхана қорындағы салт-дәстүр, әдет-ғұрып пен тәлім-тәрбиеге  байланысты «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», «Қазақ салт-дәстүрлері», Ә. Ысқақтың «Қазақтың тазалық мәдениеті», Ө. Кәріпұлының «Тұғыр», А. Нүсіпоқасұлының «Тал бесіктен жер бесікке дейін», «Дәстүріңді сақтай біл» және т.б. танымдық әдебиеттер мен мерзімді басылымдар кеңінен насихатталып, жастарды кітапханаға келіп кітап оқып, рухани азық алуға шақырды.

 
10 қазан 2022 ж. 326

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам