Жүрегінен сәуле шашқан тұлғалар
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты № 13 балалар кітапханасында 5 қазан Ұстаздар күніне орай «Жүрегінен сәуле шашқан тұлғалар» атты мерекелік кеш Ә. Тыныбаев атындағы № 11мектеп - лицейінің 4 «А» сынып оқушыларымен өткізілді.
Ұстаз ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім - тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.Үлгілі, өнегелі, өмір тәжірбиесі бай адам ғана ұстаз бола алады.
Шараға аға кітапханашысы Байымбетов Шолпан, Кульмагамбетова Алмира қатысты.
Сынып жетекшісі Қонысбаева Қарашаш ұстаздың еңбегін бағалай білуге, құрметтей білуге шақырып, еңбек жолын әңгімеледі. Кітапхананың белсенді оқырмандары Серік Қарақат, Дарханқызы Дильназ, Рахманберген Анель, Шағман Сәуле, Майданбай Дария, ұлағатты ұстаздарға арналған ақындардың арнау өлеңдерін жатқа айтса, Өміржан Саят, Майданбай Дария, Усенбаев Айдәулет, Сапабек Ислам, Молдахмет Нұржігіт, Талғат Бекзат, Ерғазы Әкежан «Ұстазым» әнін хормен айтты.







