» » Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам

Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам

   Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты № 4 кітапхана «Парасат жолы» жобасы аясында өткенді саралап, бүгінгіні бүтіндеп, болашаққа бағдар беріп, ел игілігі мен мемлекет дамуы үшін қолға алынған конституциялық реформаларды жүзеге асыруға бағытталған маңызды бағдарламалық құжат боп табылатын Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында «Жаңа Қазақстанды құруға жаңа қадамдар» атты ақпараттық сағат өткізді. Шарада Мемлекет басшысының кезекті Жолдауының негізгі бөлігі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналғаны, сонымен қатар мемлекеттік басқару ісін жаңғырту, өнеркәсіпті күшейту, білім және ғылым, мәдениет, отандық бизнес салаларына айқын тоқталғаны жайлы ақпараттар берілді. Оқырмандар өз кезегінде  қазіргі жаңа заманда еліміздің әрбір азаматы жоғары білім мен табанды еңбектің нәтижесінде ғана биік белестерді бағындыратыны, ел азаматтарын Отан алдында адал қызмет етуге, абыройлы іс жасауға, терең білім алып, ерінбей еңбек етуге шақырды.

10 қазан 2022 ж. 235

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам