Имандылық ілімі-тәрбиенің тұнығы.
А.С.Пушкин атындағы қалалық орталық кітапханада « Парасат жолы» жобасы аясында « Имандылық ілімі-тәрбиенің тұнығы» атты өнеге сағаты өткізілді.Оқырмандарға адамгершілік, ізеттілік, имандылық секілді құндылықтарды бойына сіңіру. «Иман»сөзінің нақты мағынасын оқырмандарға түсіндіру. Жалпы дін туралы ұғым түсініктерін кеңейтіп, ислам діні, имандылық туралы қөзқарастарын дұрыс қалыптастыру. Имандылыққа, рухани тазалыққа тәрбиелеу.Адамға қойылатын басты талап –асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген,ұлағатты адам болып шығу.Адам-өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттілігімен ардақты.Халқымыз қайырымды-мейірімді жан-өзгелерді басқа адамдарды ойлап соларға қол ұшын беруші жан. Имандылық үлкенді сыйлау,ар-ұят, ожданды білу,инабатты болу осы тәрбиеден басталады.Кітап көрмесіне қойылған А.Әділбаевтың «Кемелдік кілті»,Б.Мансұровтың «Бала тәрбиесі бесіктен басталады»,Ә.Алымуддинұлының «Жұмақтың кілті жаныңда», Е.Оңғаровтың «Қазақ мәдениеті және ислам құндылыктары», Ш.Әділбаеваның «Исламдағы жанұя» кітаптарымен кітапханашы Ж.Меңдібаева таныстырды.Кітапхана оқырмандары өздеріне қажетті мағлұматтар алды.







