Аманаты Алаштың
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №20 кітапхана Алаш партиясының 105- жылдығына орай « Аманаты Алаштың» атты әңгіме шолу ұйымдастырды.Тақырыбымызға арнайы дайындалған кітаптарымыздан Алаш қозғалысының құрылуына қазақ даласында қандай уақиғалар түрткі болды? Алаш партиясын құрған кімдер? Негізгі мақсаты қандай еді?Алаш қозғалысының саяси топ басшыларының әлеуметтік көзқарастары тағы да басқа да сұрақтарға байланысты үлкен мағлұмат алуға болады. Бүгінгі шарамыздың мақсаты еліміздің тәуелсіздігі жолында күрескен Алаш қайраткерлерінің өнегелі өмірі, қайсарлыққа толы табанды күрескерлік қызметін, елінің өткен тарихын білем деген ойлы оқырманға таныстыру.







