Кінәмшіл бойжеткен
Қызылорда қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №18 кітапханада қазақтың заңғар жазушысы, драматург, қазақ әдебиетінің классигі, әдебиетші-ғалым, филология ғылымының докторы, профессор, академик М.Әуезовтың «Кінәмшіл бойжеткен» әңгімесіне кітап талдауы дәстүрлі түрде өткізілді.М.Әуезов шығармаларында халықтың тыныс-тіршілігін, арман-мақсатын, тарихи болмысы мен бүгінгі келбетін көрсетіп берді. Прозалық шығармаларында адам әрекетін әлеуметтік-қоғамдық жағдайлармен байланыстырып, кейіпкер психологиясының иірімдерін, халық тіршілігін, ұлттық сипатын шебер суреттей білген. Шараға қатысушы кітапхана оқырмандары Төребаева Жұлдыз, Омарова Фарида және Жұмахметова Жансая кітап талдауға белсене қатысты.







