Менің елім - бақыт ордасы
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №1 кітапханада Республика күніне орай «Менің елім - бақыт ордасы» атты әдеби кеш №257 мектеп оқшылары қатысуымен өткізілді. Шара барысында жергілікті ақын-жазушыларымыз Ш.Сариевтың «Туған жерге тұрақты» өлеңін, М.Әміреұлының «Сыр бойы», «Кемел далам, керім далам кең далам», «Туған өлкем» атты, М.Нұрхановтың «Жерұйығым» өлеңдерін кітапхана оқырмандары жатқа оқып, «Өз елім менің» әнін шырқалды. Жас оқырмандар Сұрақ жауап ойыны бойынша көптеген сұрақтардың шешуін тауып, өз ойларын ортаға салды. «Туы биік, тұғыры берік – Сыр елі» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды. №257 мектептің кітапханашысы Тұрсынова Жанат оқырмандарға Ф.Оңғарсынованың «Туған жер» атты өлеңін жатқа оқып, класс жетекшісі Оспанова Бағым шараны қорытындылады. «Менің елім - бақыт ордасы» атты әдеби кешке белсене қатысқан оқырмандар алғыс хатпен марапатталды.







