Үш мықтының айтысы

    А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада кітапты насихаттаудың түрлі формалары мен әдістерін пайдаланып, оқырмандардың кітап  оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында  «Үш мықтының айтысы» (кітап, компьютер,теледидар) атты интелектуалды ойын ұйымдастырылды.  Интелектуалды ойын барысында қатысушылар «Ойшылдар» мен «Білімділер»  тобы болып екіге бөлінді. Ойын барысында кім кітапханамен жақсы қарым-қатынас жасайды, кімнің көп кітап оқығаны, кітап оқу арқылы кімнің білімі мен білігі артық екені анықталды. Шара барысында  ойынның қызықты өтуіне ат салысқан топ мүшелері  Ж.Сайлаубай  мен А.Қасымға  сый-құрмет көрсетілді. Шара соңында кітапхана  оқырмандарына,  Қызылорда гуманитарлық-экономикалық жоғары колледжінің оқытушысы Лазиза Айнадинқызы, бүгінгі күні  жас  ұрпаққа  «Кітап мұхитында  бағыт  табуға, әлемдік әдебиет сайтында бағдар  іздеуге  үйретіп,   қол үшін  беретін, сөз жоқ, кітапхана!» деген сөздермен кітапхана ұжымына жылы лебізін  білдірді. Еңсесі биік егеменді еліміздің адалдықты Ту еткен алғыр ойлы адал азамат ұл-қыздары көп болғай! 

17 қазан 2022 ж. 243

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам