Экология – ел тағдыры

   Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №13 балалар кітапханасының «Экология – ел  тағдыры» атты тақырыптық  сағат Ә. Тыныбаев атындағы № 11 мектеп – лицейінің кітапханасында  5 «А» сынып  оқушыларымен өткізілді. Шараға аға кітапханашы Ш.Байымбетова, А.Кульмагамбетова, сынып  жетекші З.Т.Мәди қатысып, К.Мінсізбай,  Ж.Қасымов, Т.Әбдірахим  қоршаған орта тақырыбында жұмбақтардың жауабын тез тауып, белсенділік көрсетті. 
   «Экология – табиғат жүрегі» атты кітап көрмесіне  В.М.Песковтың  «Сымға қонған құстар», А.Б.Мырзабаевтың «Балаларға дала экожүйесі туралы», Г.С.Оспанованың  «Экология. Оқулық», «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия», «Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар»,  «Табиғатым – тағдырым»,  «Табиғат - ел байлығы» т.б. мерзімді басылым беттерінде жарық  көрген материалдар кітапхана оқырмандарына  насихатталды.

   
18 қазан 2022 ж. 261

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам