Рухани келісім-бейбітшілік негізі
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты № 4 кітапханада 18 қазан - Рухани келісім күніне орай «Рухани келісім-бейбітшілік негізі» атты танымдық сағат өткізілді. Іс-шара барысында өскелең ұрпаққа атаулы күннің тарихы, мән-мағынасы, рухани келісімнің маңыздылығы жайлы, көп ұлтты мемлекетіміздің, бірлігі, татулығы жайлы түсіндіріліп, береке мен бейбітшілік еліміздің өркендеп, алға басуына себеп болатын басты байлығымыз екендігі айтылды. Тақырыпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды.







