Халық бірлігіне бастар жол

   Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №16 қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен № 136 мектеп оқушылары арасында  «Рухани келісім күніне» орай  «Халық бірлігіне бастар жол»  атты тағылым сағаты өткізілді.
   1992 жылдың Келісім конгресінің соңғы отырысында 18 қазан – Рухани келісім  күні деп бекітіліп, Қазақстан және бірқатар басқа елдерде  мерекеленіп келеді. Бұл мереке бірлік пен қайырымдылық, жақсылық пен татулық мерекесі болып табылады.  Мерекенің арнайы аталып өтуі – бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуға бағытталған.
    Шара барысында рухани келісім арқылы біздің ұлтымызға тән үлкенді сыйлау, отбасына құрмет, қонақжайлылық, татулық, достық, ауызбіршілік тәрізді құндылықтар жайлы, көрші мемлекеттермен тату болудың маңыздылығы жайлы тағылымды әңгіме өрбіді.

   
18 қазан 2022 ж. 205

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам