Тұңғыш театр суретшісі
Қазақтың біртуар қызы, суретші Қожықова Ләтипа Мұңайтпасқызының дүниеге келгеніне биыл 130 жыл толып отыр. Осыған орай қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №5 кітапхана «Тұңғыш театр суретшісі» атты таным сағатын өткізді. Мақсатымыз біз сөз еткелі отырған хас шебер, суретші, әртіс, сән үлгісінің шебер тігіншісі Ләтипа Мұңайтпасқызы өмірі сағымдай болып ұшып кетті десек те, артында сансыз ізгілікке толы әсем де әдемі ізін қалдырған және өнер өлкесінде өзіндік қолтаңбалары қалған Қожықовтар қазақ тарихында таңбалы орны бар әулет екенін оқырманға жеткізу







