Келешекке батыл қадам.
А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада 25 қазан Республика күніне орай «Парасат жолы» жобасы аясында «Келешекке батыл қадам» атты ой-пікір алаңы өткізілді. Шараға Абылайхан атындағы №140 орта мектеп оқушылары мен Қызылорда гуманитарлық-экономикалық жоғары колледжінің 1 курс студенттері қатысып, жастар еліміздің келешек дамуы мен өздерінің қосар үлестері жайлы, Жаңа Қазақстанның болашақ жастары кімдер, олар қандай болу керек деген деген сұрақтар төңірегінде ой-пікірлерін өрбітті. Жас оқырмандар Ш.Есжанов, Ы.Жағанша, Ш.Ақсақал, А.Жақсылық, Н.Бақтыбай белсенді қатысып, дана Абай бабамыз айтқан бес асыл істі бойына дарыта отырып,надандықтың бес жолынан бас тарта білген сауатты да салиқалы жастар ғана еліміздің келешегін кемелдендіре алады деген ортақ пікірде өз ойларын еркін жеткізе отырып, ой қорытты.Оқырмандарға Жолдаудағы ел дамуының негізгі бес бағыты жайлы, оның ішінде – экономикамызда қордаланған мәселелер, денсаулық сақтау саласы, білім жүйесі, студенттердің несиесі мен жатақханасы, жастарды жұмыспен қамту, балалардың жәрдемақысы, әйелдердің зейнет жасы, Президент сайлауының мерзімі туралы ақпараттарға ерекше тоқталып айтылды. Іс-шараны сынып жетекшісі А.Т.Абенова қорытындылап, жастарды терең білім алуға, салауатты өмір салтын ұстануға ана тілімізді қадірлеп, ұлтымыздың мақтан тұтар айтулы азаматтары болуға шақырды.Елін сүйетін, өз Отанына адал қызмет жасауға,ерінбей еңбек ететін, болашақ ұрпағымызды білімді, салауатты болуға тәрбиелеу, кітапханаға оқырман тарту.








