Қазақстанның жаңа мәдени толқыны.

   Мемлекет басшысының кезекті Жолдауын насихаттау мақсатында «Парасат жолы» жобасы аясында Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №3 кітапхана мен Қызылорда қалалық «AMANAT» партиясымен бірлесіп мәдениет және білім саласының өкілдерімен «Қазақстанның жаңа мәдени толқыны» дөңгелек үстел өткізді.Сала ардагерлері Шүренов Алтынсары мен Ильясов Қожахмет олдауда айтылған негізгі басым бағыттар туралы айтып,  Республикамыздағы мәдени шараларды ұйымдастырып, ұлттық өнеріміз бен тарихи жәдігерлерді дәріптеп жүрген азаматтарға тоқталды.Қазіргі таңда Республикамыздағы мәдени саясатының  ұзақ мерзімді жоспары дайындалып, 2050 жылға дейін Қазақстанның әлемдік мәдениет пен өнердің даму орталықтарының біріне айналуына мүмкіндік беретін бағыт бағдар болатынын айтылды. Қазіргі таңда Ел Президентінің Жолдауларында  көрініс тауып, ҚР мәдени саясатының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын жүзеге асыру жалғасын тауып, ел мәдениеті қайта серпіліс беріп жатқанын жеткізді.«Жаңа Қазақстанды құруға жаңа қадамдар » атты кітап көрмесі жасалды.
20 қазан 2022 ж. 258

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам