Жыр жампозы – Базар жырау
«Жыр жампозы – Базар жырау» атты әдеби дайджесттің анықтамасы
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №6 кітапхана «Парасат жолы» жобасы аясында өзінің шығармаларымен Сыр өңірінің ғана емес, бүкіл қазақ елінің руханият дүниесінен ерекше орын алатын он бес жасында «Бала жырау» атанған, төкпе ақын, жыр дүлдүлі Базар жырау Оңдасұлының 180 жылдығына арналған «Жыр жампозы – Базар жырау» атты әдеби дайджест өткізді.
Іс-шара барысында ойлар ойға, сөйлер сөзге келгенде алдына жан салмайтын табиғи дарын иесі, толағай тектес толғаулар туғызып «Жыраулардың жампозы» атанған, Сыр сүлейлерінің көш басында тұратын, даңғайыр жыраудың өнегелі өмір жолы, тәрбиелік мәні зор бірнеше терме, толғау, арнау, кеуілқос, тәмсіл сөздері мен дастандары, хикаяларының шығу тарихы жайлы мол мәліметтер айтылып, ақын А. Тоқмағамбетовтың ХІХ ғасырда өмір сүрген қазақ ақындары туралы "Жыр күмбезі" атты тарихи романы, шығыстанушы ғалым Ө. Күмісбаевтың «Шығыс шайырлары» кітабы, ғалым Т. Еңсегенұлының «Сыр бойы ақын-жыраулары» атты әдеби зерттеу еңбегі, эпик-жыршы Б. Жүсіптің «Сүлейлер» монографиясы, «Сыр сүлейлері» және «Сырдария кітапханасы» сериясы бойынша Базар жыраудың әдеби мұрасы топтастырылған шығармалар жинағы таныстырылып, әдебиеттерге шолу жасалды.







