Өлеңінен керемет сыр төгілген

   Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №18 кітапханада балалар ақыны Адырбек Сопыбековтің туғанына 85 жыл толуына орай «Өлеңінен керемет сыр төгілген» атты әдеби оқу дәстүрлі түрде өткізілді.    №197 мектептің 8 «А» сынып оқушысы  Н.Рсалдиева , 7 «В»  А.Әбілхан, 5 «В» А.Мұратбекқызы ,  Н.Марат,  М.Мағауия  ақынның өлеңдерін жатқа оқыды.                      
   Балалар ақыны Адырбек Сопыбеков 1937 жылы 5 мамырда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының, Кеңес ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік Университетінің филология факультетін және Алматыдағы Жоғары партия  мектебінің журналистика  бөлімін бітірген. Бір топ өлеңдері «Қазақ балалар поэзиясының антологиясына» енген. Шығармалары: «Көзілдірік», «Айға сапар», Фантастикалық поэма, Шешілген жұмбақ, «Көктем жыры» өлеңдері т.б.    «Дөңгеленген дүние» атты бес бөлімнен тұратын кітабында тіршілік тынысын, өмір өткелдерін, имандылыққа қарай тартқан бабалардың ақ жолын,  біртуар азаматтардың бейнесін танисыз, балалардың бал қылығын көресіз. Өмір көріністері осылайша өрісті өлеңге айналған.   Сонымен қатар ақынның шығармалары орыс, беларус, өзбек тілдеріне де аударылған.  
   
                
21 қазан 2022 ж. 254

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам