Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №15 Талсуат ауылдық кітапханасында Республика күніне орай «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік» тақырыбынд әдеби оқу мектеп оқушылары қатысуымен өткізілді.
Шараның мақсаты: Оқырмандар бойында ұлтжандылықты, ержүректік пен азаматтық сезімдеріп ояту. Еліміздегі Халықтар достығы мен бейбітшілікті қадірлеу мен сыйлауды үйрету.
Шара барысында С. Боранбаевтің «Керек бізге ынтымақ», Н.Бәдіғұлдың «Халқым менің», С.Досжанованың «Тәуелсіздік туы» , «Тәуелсіздік толғауы» т.б. өлеңдерін жас оқырмандар жатқа оқыды.
«Мерейтой иелері», «Жүрекке жол тапқан Жолдау», «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік» тақырыптарындағы кітап көрмелеріне библиографиялық шолу жасалып, оқуға кітаптар ұсынылды. Әкімшілік қызметкерлері, мектеп ұжымы, ауыл жастары белсене араласты.







