«Инеш» романы

   Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №17 Қызылжарма ауылдық кітапханасында Қазақстанның халық жазушысы көрнекті суреткер Сафуан Шаймерденовтың туғанына 100 жыл толуына орай «Инеш» романы бойынша оқырмандар конференциясы өткізілді. Оқырмандарға жазушының өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, романдағы Инеш, Мәулен, Гүлшат т.б. жастар мен өзге де кейіпкерлер, Инеш мен Мәуленнің адал махаббаты   төңірегінде оқырмандар өз ойларын ортаға салды. Жазушының  көлемді туындысы – «Болашаққа жол» романы 1953 жылы жарық көрген. Оқырмандар жылы қабылдаған бұл туынды «Инеш» деген атпен орыс тіліне аударылды. Романда  соғыстан кейінгі қазақ жастарының өмірі мен мінез-құлық, жан дүниесінде туып келе жатқан өзгерістер баяндалады. Жазушы кейіннен осы романды жазуға тиек болған Инеш сияқты қыздар бейнесінің замандар өткен сайын өзгеріске түсіп, түрленіп отырғанын, оған өзінің шығармашылық ғұмырындағы арулар бейнесі мысал бола алатынын айтады.  «Инеш» романындағы асқақ адамгершілік, жастардың бойындағы ізгі қасиеттер өзінің мыңдаған оқырмандарына үлгі болды. Жазушы қаламынан туған шығарманы оқушылар қызыға оқып, өздеріне рухани азық алды.

 
31 қазан 2022 ж. 464

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам