Біз әлемді үлкен кітапханаға айналдырамыз
«Кітап – ең асыл қазына, рухани байлық» деген қанатты сөздер бар. Осы қанатты сөздердің түбіне үңіліп қарайтын болсақ кітап- сарқылмас қазына. Кітап оқыған адамның жан дүниесі мен ойлау қабілеті де өзгеше болады. Осы орайда, кітапхана оқырмандары арасында кітап оқуды насихаттау, оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында, А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада «Біз әлемді үлкен кітапханаға айналдырамыз» атты буккроссинг кітап алмасу акциясы өтті. Бұл акцияның негізгі идеясы-өзара кітаптар алмасуы болып табылады. «Буккросинг» акциясы кітап пен оқырман арасын жақындатудың тиімді жолы. Жалпы «Буккросинг» қазақшаға аударғанда «кітап сыйлау» немесе «кітаптің айналыста жүруі» деген мағынаны білдіреді. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған «Буккроссинг» акциясына өзінің туындысын басқа оқырмандармен бөлісіп, қуаныш пен бақыт сыйлау үшін, кітапханамыздың белсенді оқырманы, зейнеткер Ұлбала Меңліқарақызы «Жүрек сезімі» атты өзінің туындысын және Абылайхан атындағы №140 орта мектептің оқушылары өздерінің оқыған қызықты кітаптарын алып келіп, кітап сүйер қауыммен бөлісті. Шара барысында жастарымыз өдерінің сүйіп оқыған кітабын басқа да оқырмандармен бөлісіп, оларға да түрлі жанрдағы кітаптарды оқуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, кітапханадағы Жүкте,Оқы! Скачай и читай! Download and read! атты Мобильді кітапханаға қызығушылық танытып, Kitap.Kz сайтына тіркелген кітаптарды өздерінің смартфондарына жүктеп,бірге оқыды. «Буккроссинг» шарасы жастарымыздың кітап құндылығы туралы көзқарасына аз да болса өзгеріс енгізеді деп сенеміз.







