Бір жұлдыз болып жанам мен…

   Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты № 16  кітапханада белгілі ақын, жазушы    Зейнулла Шүкіровтың 95 жылдығына орай «Бір жұлдыз болып жанам мен…» атты әдеби дайджест өткізілді.
   Шара барысында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, қайсар қаламгер - З. Шүкіровтың өнегелі өмір жолы, қырық жылға жуық төсекте таңылып жатса да мұқалмаған, қатыгез тағдырмен соңғы демі қалғанша тайталасқан қайсарлығы жайлы айтылып, оның шығармалары насихатталды. Оқырмандар көрмеге қойылған қаламгер туралы жазылған естеліктер «Шүкіров шұғыласы», «Бір жұлдыз болып жанам мен…»,  Сыр бойы қазақтарының аумалы-төкпелі аласапыран өмірін қамтитын 4 кітаптан тұратын «Сыр бойы»  атты романы, балаларға арналған «Арлан туралы аңыз» атты әңгімелер жинағы, «Арал толқындары» атты  өлеңдері мен поэмалары және басқа да шығармаларымен  танысты.

31 қазан 2022 ж. 233

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам