Сөнбес сәуле – Сырбай Мәуленов
Қалалық орталықтандырылған кеітапханалар жүйесіне қарасты №2 балалар кітапханасында қазақтың көрнекті ақыны Сырбай Мәуленовтың 100 жылдығына орай «Сөнбес сәуле – Сырбай Мәуленов» атты жыр кеші өткізілді. Кешке №233 мектептің Г.Амангелді жетекшілік еткен 4 а сынып оқушылары қатысты. Шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы айтылып, ақынның балаларға арналған «Шахтер», «Міне үлкен азамат», «Елдің бәрі жұмыста», «Күзде» т.б. өлендері жатқа оқылды.







