«Махаббат қызық мол жылдар» романы
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №18 кітапханада Қазақстанның халық жазушысы, Қ.Р. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайықовтың туғанына -100 жыл толуына орай оқырманнның тұмарындай, сүйікті шығармасы болған «Махаббат қызық мол жылдар» романы бойынша кітап талдауы өткізілді. Шараға барысында №43 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г7Жұмағалиева , № 197 мектептің кітапханашысы Ғ.Бекжанова, кітапхананың белсенді оқырманы А.Шальманова және Қорқыт Ата атындағы Университет студенттері Ж.Бектұрған, А.Әбдіраманова және Диляралар қатысып, шығарма туралы ойларын айтты.
Әзілхан Нұршайықов – 15 желтоқсанда 1922жылы Шығыс Қазақстан облысы,Жарма ауданы, Келінсүйегі деген жерде дүниеге келген. Алматы қаласындағы Тау-кен институтында, Семейдегі қазақ педагогикалық училищесінде, педагогикалық институтында оқыған.1941-1945 жылдары қызыл әскер қатарында соғысқа қатысты.Соғыстан кейін Қазақ Мемлекеттік Университетін бітірген. «Махаббат қызық мол жылдар» Ә.Нұршайықовтың 1970 жылы шығарған романы. Шығарма екі жастың арасындағы махаббат туралы баяндайды. Автор соғыстан он екі мүшесі түгел болып келген жас солдаттың өмірі, ойларын бүкпесіз көпшілікке паш етеді. Оның 33-аудиторияда өзін гүлге толы бақта отырғандай сезінуі, қыздардың тастай қылып өрілген бұрымдарына көз салуы, достарын,өз махаббатын табуы баяндалады. Автордың мақсаты Ербол мен Меңтайдың жақсы жігіт, білімді қыз екенін көрсетіп қана қою емес, солар арқылы халқымыздың бойындағы кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық дәстүр, қасиеттерін насихаттау. Сол қасиеттерді Меңтай мен Ерболдың бойына өлшеп піше отырып, жұртқа жарасымды үлгі ұсыну еді.







