Ерліктің бір нышаны – өнер
«Жастар» орталығында орналасқан №19 кітапханада «Ерліктің бір нышаны – өнер» атты жергілікті ақын-сазгерлермен кездесу кеші өткізіліп, Сыр елінің өнерпаздары бас қосты. Әдеби кеш қазақтың әдебиеті мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосып жүрген талантты жастардың шығармашылығына арналды.
Кешке ақын, сазгер, бірнеше хит әндердің авторы - Әл-Фараби Бекарысұлы, жыршы-термеші, сазгер, қазақ эстарадасындағы көптеген хит әндердің авторы - Үкітай Ерниязов, ақын, "Сыйлық", "Мөлдір өлең" жыр жинақтарының авторы - Мөлдір Айтбай, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ректорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары - Жанар Бимұратқызы қатысып, кешті кітапхана қызметкері ақын Ақжол Түменбай әсем сөздермен өрнектей отырып, көркем тілмен жүргізіп отырды.
Кеш барысында Үкітай Ерниязов бірнеше терме орындап, Үкітай мен Әлфараби Бекарысұлы өз шығармашылығынан әндер шыркады. Ақын Мөлдір Айтбай, Жанар Бимұратқызы өздерінің шығармашылықтарынан бірнеше жыр оқып, кеш ажарын аша түсті. . Қызылорда Мемлекеттік университетінің жас ақындары жүрек жарды өлеңдерін нақышына келтіре оқып, әндердің шығу тарихы айтылып, өнер тақырыбында көптеген қызықты әңігімелер өрбітілді.