Қоғамға жат көріністер
А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада «Қоғамға жат көріністер» атты құқылық сағат өтті. Шараның негізгі мақсаты- келешекте жемқорлықсыз қоғам құру, жастарымыздың ой-санасын пара беру, сыбайластық арқылы мақсат-мұратқа жету секілді жат қылықтан арылту.
Шара барысында «Абылайхан атындағы №140 орта мектептің 9-сынып оқушылары арнайы ұйымдастырылған «Жастар-жемқорлыққа қарсы!» атты кітап көрмесімен танысып, тарих пәнінің мұғалімдері Жаңабергенова Жанар мен Тоғызбаева Гүлжан Әбекенқызы, жастар арасында мәдениеттілік пен имандылықты қалыптастырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыстың жас өкілдерін дайындау туралы сөз қозғап, өз ой – пікірлерімен бөлісті. Әрбір игілікті атқарылған жұмыстар өзінің оң нәтижесін береді, өз біліміне, өзінің жігер күшіне сенген қайратты да қайсар жастарымыз жемқорлықсыз жаңа қоғам қалыптастырады деген ортақ тұжырыммен шараны қорытындылады.