Әжем айтқан ертегі
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №13 балалар кітапханасы «Күнекей» бөбекжай балабақшасының «Балдырған», «Балауса» ересек топ бүлдіршіндерімен «Әжем айтқан ертегі» тақырыбында қызықты ертегілерді дауыстап оқу өткізілді. «Балдырған» ересек тобының бүлдіршіндері А.Орабек «Мақта қыз бен мысық», Р.Қалдыбай «Тышқан, ит және мысық», Х.Ражкова «Торғай мен тышқан», А.Пірәлі «Түйемен түлкі», А.Амантайқызы «Түлкі мен қоян» атты көкейінде жүрген ертегілерді айтып берді.







