Қызыл кітапқа енген жануарлар
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №13 балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Қызыл кітапқа енген жануарлар» атты таным сағаты №257 мектептің 6 «А», 7 «Ә» сынып оқушылары қатысуымен өткізілді.
Шарада «Қызық кітапқа енген жануарлар» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Қазақстан Қызыл кітабы беттерінен», «Жануарлар әлемі», «Жануарлар туралы үлкен энциклопедия», Р.Сәтімбекованың «Қызықты биология», «Жануарлар әлемінің үлкен атласы, «Төрт түлік төресі кім?», «Құстар біздің досымыз» т.б кітаптармен қатар мерзімді басылым беттеріндегі жарық көрген материалдар оқырмандарға таныстырылды.
№257 мектептің биология пәнінің мұғалімдері А.Баймаханова, Ж.Каргабаева әрқашанда бүгінгі таңда жоғалып бара жатқан омыртқалы жануарлар мен тұқымы жойылып бара жатқан өсімдіктердің түрлері туралы айтып, оларды қорғауға жауапкершілікпен қарауға шақырды.







