Сапалы тұқым- бітік өнім кепілі
№18 кітапханада «Сапалы тұқым- бітік өнім кепілі» атты кітап көрмесі бойынша библиографиялық шолу өткізіліп, жас оқырмандарға егін шаруашылығының қыр-сырын баяндайтын әдебиеттер мен қатар мерзімді басылымдар кеңінен таныстырылды. Егіншіліктің халық шаруашылығындағы алатын орны ерекше. Ол адамзатты дайын түрдегі азық- түліктік ауылшаруашылығы өнімдерімен, мал шаруашылығын – жемдік қорекпен, сонымен қатар өнеркәсіптің көптеген салаларын өнім өндіруге қажетті шикізат тармен қамтамасыз етеді. Осы орайда бітік өнім алу үшін сапалы тұқымның маңызы зор.Тұқымның элиталық сорттарын ғылыми – зерттеу институттары мен ауылшаруашылық институттарының тәжірибе және оқу - тәжірибе станцияларында өсіріп тұқым өсіруге маманданған шаруашылықтарға береді. Ол жерде тұқымдық сорттарды ең құнарлы жерге егіп, өсіп – жетілуіне қолайлы жағдай жасап, мол өнім алу үшін барлық агротехникалық шаралар қолданылады. Халықаралық ереже бойынша, әрбір тұқым партиясының сертификаты болуы керек және оларға арнайы этикетка тағылады. Жоғары сапалы тұқым ауылшаруашылығының қарқынды дамуының негізгі факторларының бірі және бітік өнім кепілі.







