Құмдағы іздер
Қалалық жүйеге қарасты №13 балалар кітапханасының ұйымдастыруымен, «Парасат жолы» жобасы аясында белгілі жазушы Танаш Дәренбековтің «Құмдағы іздер» атты романынан кітап талдау Нәлқожа Ергешбаев атындағы № 172 орта мектептің 8 «А» сынып оқушыларымен өткізілді.
Кітапхананың белсенді оқырмандары Ж.Берген, Ә.Шавхатұлы, Әлфараби, С.Алиасқар, К.Ешенбекова, Б.Аманғазы, Ж.Иса, Ж.Аптай, Е.Сәкенұлы, С. Кенжебекқызы шығарма бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, оқиға жайлы өз ойларын ортаға салды.
Жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған бейне баян көрсетіліп, «Тұғыры биік қаламгер» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Шараға Қазақстан жазушылар одағының мүшесі эколог ақын Мұхамеджан Нұрханов және ардагер ұстаз, тарихшы Иманов Амантай қатысып, романға арқау болған 1941 – 1945 жылы Ұлы Отан сұрапыл соғысы жылдарындағы Сыр бойындағы ауыл өмірінің қиын да ауыр жоқшылық кезеңдерін әдеби тілде оқырмандарға жеткізе білді.
Нәлқожа Ергешбаев атындағы № 172 мектептің қазақ тілі әдебиет пәнінің мұғалімі Жанетова Анар қатысып, романдағы жағымды және жағымсыз кейіпкерлерін, ауыл өмірінің қилы – қилы тағдырларын саралай айтып, шараны қорытындылады.