Қазақ әдебиетіндегі айтулы тұлға
Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері Ғ.Мұстафиннің 120 жылдығына арналған «Қазақ әдебиетіндегі айтулы тұлға» атты әдеби-подьемның өтілу барысы.
Ғ.Мұстафин-тек көркем шығарма жазуымен ғана шұғылданбай, әдебиет дамуының маңызды мәселелерін талқылауға белсенді араласып, өзінің жазушылық тәжірибесін жас қаламгерлерге үлгі етіп әңгімелеп жүрген ұстаз суреткер.Ол әдебиеттің қоғамдық белсенділігін көтеру, өмірмен байланысын арттыру, көркемдік шеберлікке жетілуі сияқты проблемалар жайында жиі жазады, өз тәжірибесін ортаға салады.Сөйтіп, көркем шығармаларында көтерген үлкен ойларын сыншылдық пікірлермен толықтыра түседі.Парасат жобасы аясында Қалалық жүйеге қарасты № 1 кітапхананың ұйымдастыруымен әдеби-подьем өткізілді. Шараға № 176 мектептің 7 сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Қ.Қалыбаева .мен кітапханашы А.Асанова қатысты.
«Көркем сөздің хас шебері» атты көрме ұйымдастырылып, оқырмандарға жазушының өмірі мен шығармашылығынан кеңінен мәлімет беріліп,кітап бинго ойыны және бейнебаян көрсетілді.Оқырмандар «Дауылдан кейін» романы, «Шығанақ» повесі , « Миллионер» повесін оқыған әңгімелері, романдары жайлы айтып, өз ойларын ортаға салды.