Діні қуатты елдің іргетасы биік

  Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты  №5 Абай ауылдық  кітапханада   «Діні қуатты елдің іргетасы биік» атты дөңгелек үстел өткізілді. 
  Шараға облыстық ішкі саясат басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының  теолог маманы  Оспанов Бақтияр Есенгелдіұлы,  Абай ауылдық «Ақмолда» мешітінің бас имамы  Бекбембетов Берік Бабамжарұлы, Қосшыңырау ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, заңгер Қалиева  Айбану  Нұрланқызы,  Абай атындағы   №138  мектептің тарих пәнінің мұғалімі Шегенбаева Клара Жолайқызы қатысты. 
  Бақтияр Есенгелдіұлы  шараға қатысушыларға сепаратистерге қосылудан сақтану шараларын,  «Жихад» ұғымының тура мағынасын ашып, түсіндіріп берді. Берік Бабамжарұлы, Айбану Нұрланқызы өз баяндамаларын оқыды. 
Аталмыш шараға қатысушы қонақтарға оқушылар көкейлеріндегі сауалдарын қойып,  тұжырымды жауаптарын алды. Сонымен қатар  «Дін – тәрбиенің рухани тірегі» атты кітап көрмесі таныстырылып, насихатталды.
16 қараша 2022 ж. 302

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам