Әшірбектің әсемдік әлемі

  Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №6 кітапхана «Парасат жолы» жобасы аясында Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, майталман театр сыншысы Әшірбек Сығайдың 75 жылдығына арналған «Әшірбектің әсемдік әлемі» атты библиографиялық шолуды ұсынады.
   Шолу барысында әріптестері театр әлемінің ең беделді сарапшысы атаған, театр, драматургия туралы 20-ға жуық кітап, мыңға тарта мақала жазған Әшірбек Төребайұлы Сығайдың 2 томдық «Актер әлемі», «Сахна әлемі», Таңғажайып театр: Эсселер жинағы, Жансарай. Сыр-сұхбаттар топтамасы және сыншының жары Күләш Сығайдың құрастыруымен 2017 жылы «Қаратау» баспасынан жарық көрген «Сын сардары», театр және әдебиет сыншысы Әлия Бөпежанованың 2020 жылы «Алматы-Болашақ» баспасында басылған «Сахна сәулесі» атты театр туралы мақалалар, эсселер, портреттер кітабымен және т.б. әдебиеттермен танысуға болады. 
Іс-шараның мақсаты – өнер сүйер оқырманға сын сардарының, өнер жанашырының өнегелі өмір жолын таныстырып, еселі еңбектерін кеңінен насихаттау. 
   Сыншы жайлы мәлімет: Әшірбек Төребайұлы Сығай 1947 жылдың 11 қаңтарында қазіргі Түркістан облысы Кентау қаласында дүниеге келген. Ол 1969 жылы Алматы консерваториясын бітірген. Негізгі мамандығы – актер. Қазақтың біртуар тұлғасы өзінің өмір жолында Мәдениет министрлігінде қызмет етіп, кейіннен Темірбек Жүргенов атындағы Ұлттық Өнер Академиясында ұстаздық, басшылық қызметтер атқарған. 
  Оған 2000 жылы «Сахна саңлақтары» еңбегі үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы, платиналы «Тарлан» сыйлығы атақтары берілген, 2004 жылы "Құрмет" орденімен марапатталған. Кентау және Түркістан қалаларының, Түркістан облысының құрметті азаматы.

16 қараша 2022 ж. 273

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам