Жастар қазақтың ою өрнегі туралы біле ме?
№5 Абай ауылдық кітапханасында «Жастар қазақтың ою өрнегі туралы біле ме ?» атты өнертану кеші №138 мектеп оқушылары қатысуымен өткізілді. Жастардың сәндік қолданбалы өнерге қызығушылығын арттырып, ою-өрнек өнерінің қыр-сырын меңгеруге, күнделікті іс-тәжірибеде қолдана білуге дағдыландыруға жас кезінен баулу мақсатындағы шара барысында оқырмандар ою-өрнектің түрлерін қағаздан қиып, киіз, кілем бетіне түсіріп өнерлерін көрсетті. Кітап көрмесі бойынша әдебиеттерге шолу жасалып, қазақтың ою-өрнектерінің фото-суреттерін тамашалады.







