Аман жүр ма екен ауылдағы анам?
Жастар орталығында орналасқан №19 кітапхана Жас дарын, «Сыр Үміті» сыйлығының иегері, облыстық, республикалық мүшәйралардың жүлдегері, «Ұстаз мәртебесі», «Әлімсақ» газет-журналдарының жауапты хатшысы, жергілікті ақын Айдар Сайлауовтың «Аман жүр ма екен ауылдағы анам?!» атты шығармашылық кешін ұйымдастырды. Шара барысында Қорқыт ата университетінің студенттері Бексұлтан Бағдатұлы,Зейнеп Амангелді,Күмісбек Айжарықов,Расул Базарханұлы, Жақсылық Ақбілек, Өтепберген Нұркелді, Тілеген Гүлназ, Нұрлыбекқызы Ақмаржан, Жасұланова Нұрайым, Марат Нәбиден, Нұртуған Жаңабай, Ешмұратов Бекзат, Әли Асқар, Ақниет Тулеп ақын шығармашылығынан құралған моноспектакль қойылым көрсетіп, онда ақын өлеңдері оқылып, сөзіне жазылған әндер шырқалды. Лэд экранда ақынның өнегелі өмір жолы мен шығармашылығынан қысқаша бейнебаян көрсетілді. Ақын өз шығармаларын мәнерлеп оқып, өлеңдерінің тарихынан қысқаша сыр шертті.
Жамбыл Бақытәлі ақынға арнау өлең айтып, .Нұртуған Жаңабай, Күмісбек Айжарықов, Ақтөбе қаласынан арнайы келген Ақтілеу Көшербай ақынның сөзіне жазылған әндерін шырқады. Кештің қонағы болып келген ақынның ата-анасы мен әрі әріптесі,әрі ұстазы Нұрлан Көбегенұлы,Мөлдір Айтбай өз тілек-лебіздерін білдірді.Шара соңында Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Гулмира Шамсудинова қортынды сөз сөйлеп, ақынға сый-сияпат көрсетті.«Ең ұлы ақын – жас ақын» дейді Ұлықбек Есдәулет. Қазақ поэзиясына өлең-жырдан олжа салып жүрген Сырдың бойынан шыққан талантты ақындар өте көп. Солардың бірі де бірегейі Айдар Сайлауов. Адамзаттың иесі – Алла, киесі – поэзия деген тәмсіл бар. Иемізге де, киемізге де адал болайық.-деген тұжырыммен кеш қорытындыланды.