Қол өнері - мол өнер

   Қазақ халқы тұрмысқа  қажетті қол өнердің алуан түрлерін  ойлап  тапты. Өз   ұрпағының  “сегіз  қырлы, бір   сырлы”  өнегелі,  өнерлі   болып  өсуін мақсат  еткен ата -   анамыз  өз бойындағы бар  асыл қасиеттерін ұрпақтан -  ұрпаққа үйретіп  келген. Тоқу   өнері -  қазақ  халқының ежелден келе жатқан қол  өнер   саласының  бірі.  «Шебердің қол   алтын »  дейді қазақ . Сөзге шебер, іске де ұстаз халқымыздың зор мәдениетімен мен өнерін паш  ететін құндылықтардың бірі  қолөнер. «Парасат жолы»  жобасы   аясында  Қалалық  жүйеге қарасты № 13  балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Қол  өнері   - мол  өнер»  өнер   сағаты Ә. Тыныбаев  атындағы № 11  мектеп -  лецейінің   6 «В» сынып  оқушыларымен өткізілді. Шараға директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары  Қарабөпеева   Жанат,  ағылшын  пәнінің   мұғалімі  Сәрсенбаева Жазира, музыка  пәнінің  мұғалімі Сералиева Анар, технология  пәнінің   мұғалімдері Қыстаубаева Бота, Нағыметова Жанар, Бисенова Лида, Піримбетова Әсел,  бастауыш сынып мұғалімі Бөлекбаева Ләззат қатысты.   Ахмедиарова  Әмина, Әлиакбарова Гүлнар, және технология   пәнінің  мұғалімі  Еспанова Оразкүл   әр түрлі бұйымдарды  ілмекпен тоқуды  екі топтағы   «Иірім» және «Габилён» тобындағы оқушыларға 20 минуттық  бейне баян  арқылы көрсетті. «Иірім» және «Габилён» тобындағы оқушыларға  сұрақтар  қойылып,   сұрақтарға  тұщымды жауаптар алынды.

17 қараша 2022 ж. 21

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам