«Қорғансыздың күні» атты әңгімесі

   «Әдебиеттің асқары іспеттес  тұлғаның өмірі де, өзі де, дара, дана. М.Әуезов – жомарт табиғаттың жарық дүниеге тым сараң сыйлайтын бір туары. XIX ғасырдың асқар белі Абай болса.  XX ғасырдың заңғар биігі – Мұхтар Әуезов. Биыл Мұхтар Әуезовке 125 жыл. Ол қазақ әдебиетінің болмысын ашқан, Абайды әлемге танытқан кемеңгер жазушы.
   Осы мерейлі жылға орай «Парасат жолы» жобасы аясында Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №3 кітапханада қазақ әдебиетінің негізін салушы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың «Қорғансыздың күні» атты әңгімесіне талдау кітапхана оқырмандары және Ә.Молдағұлова атындағы №173 мектептің қазақ-тілі мен әдебиет пәнінің ұстаздарының қатысуымен өткізілді.
Шара барысында шығарманың негізгі тақырыбы мен бас кейіпкерлердің тағдыры айтылып, оқырмандар түйінді ойларын жеткізе білді. «Даланың заңғар жазушысы»  атты кітап көрмесі ұйымдастырылып кітапхана оқырмандарына насихатталды.

17 қараша 2022 ж. 26

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам