» » Қазақ әдебиеті – қадірлі тақ, қасиетті мінбер

Қазақ әдебиеті – қадірлі тақ, қасиетті мінбер

    Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №1 кітапхана  жазушы, әдебиет сыншысы, Қазақстан Журналистер одағы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлықтарының лауреаты Бақыт Сарбалаев мерейлі 75 жасқа  толуына орай «Қазақ әдебиеті – қадірлі тақ, қасиетті мінбер» атты танымдық сағат өткізді.
    Алғашқы еңбек жолын мектепте мұғалім болып бастаған. 1970 жылы Алматы облысы Іле ауданында «Ильич жолы» газетінде, кейін «Қазақстан мұғалімі», 1974-1978 ж. «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газеттерінде, 1978-1982 жж.  «Жалын» журналында, 1982-1986 жж. Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің репертуарлық редакциялық алқасында аға редактор, «Қазақ әдебиеті» газетінде, 1990-1995 жж. «Ана тілі» газетінде бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарды. 1995 жылдан «Қазақ елі» газетінің бас редакторы. 
   Қазақстан Журналистер одағы (1992), Халықаралық «Алаш» сыйлықтарының (1994) лауреаты. 1979 жылы Мәскеуде өткен жас жазушылардың бүкілодақтық VІІ кеңесіне қатысты. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Төралқа мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы. Алғашқы «Өлең салмағы жүрекпен өлшенеді» атты сын мақаласы 1966 жылы «Лениншіл жас» газетінде жарық көрді. 
    2007 жылдан Бақыт Тұрсынұлы тікелей өзінің бастамасымен «Сын» әдеби   журналының негізін қалап, осы басылымға басшылық етіп келеді. Қаламгердің «Қызыл алма» әдеби-сын мақалаларының жинағы, «Ел мен Елбасы» атты кітаптары шықты. «Ақиқат алдында», «Өткірдің жүзі», «Жиырма бес», «Бес мүшел», «Шандоз сөздің шаһы» секілді әдеби-сын еңбектері оқырман қауым тарапынан жоғары дәрежеде бағаланды. Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен шыққан көптомдық «Сырдария кітапханасы» сериясымен қаламгердің «Көккесене» әдеби-сын кітабы жарыққа шықты. 
Жекелеген шығармалары орыс, өзбек, қырғыз, моңгол тілдеріне аударылған.
 Белгілі жазушы көрнекті әдебиет сыншысы Бақыт Сарбалаұлының жарқын да жан-жақты шығармашылығының жемісті бір қыры –халықтың тілі мен үні, көзі мен сөзі бола білді. 

21 қараша 2022 ж. 17

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам