Latyn- құнды мұра

   Қазіргі уақытта еліміздің басты проблемасына айналып отырған ең өзекті тақырыптардың бірі – әліпбиіміздің өзгеруі, яғни қалыптасқан дәстүрді бұзып, кириллицадан латын әрпіне көшу. Қазақстан халқы өз Тәуелсіздігін жариялағаннан бері бүгінгі қолданыста жүрген кириллицадан латын әліпбиіне көшу мәселесі жөнінде пікірлер жиі айтылып келеді. Осы орайда, «Парасат жолы» жобасы аясында А.С.Пушкин  атындағы орталық кітапханасы «Latyn- құнды мұра»   атты  дөңгелек үстел  ұйымдастырды.                                      
    Латын әліпбиіне көшуіміздің маңыздылығы жайлы айту үшін, шарамызға арнайы шақырылған  қонақтар Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің баспасөз хатшысы, журналист Жақсылық Құралай Владимирқызы, Облыстық Қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің аға сарапшысы Кошпанова Жазира Алтынбайқызы, Облыстық Қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің аға сарапшысы Амантай Бақберген Бауыржанұлы, С.Ысқақов атындағы Қызылорда  құрылыс және бизнес колледжінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы Булекбаева Бибінұр, С.Ысқақов атындағы Қызылорда  құрылыс және бизнес колледжінің кітапхана меңгерушісі Ибрагимова Бахыт Сұлтанбекқызы қатысып, өз ойларымен бөлісті. Шара соңында Құралай Владимирқызы Латын әліпбиін енгізу  біздің тілді халықаралық тілдерге жақындата түсетіні жайлы, сонымен қатар Ұлы дала елін әлемдік өркениетпен қабыстыратын алтын көпір екені жайлы өз ойымен жастармен бөлісті. Шарамызды қортындылай келе, Тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлының  «Ел бүгіншіл, мен ертеңшіл» деген керемет нақыл сөзі жастарымыздың ұстанымы болды деген ойдамыз.
   Мақсаты: Оқырмандарды латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің жаңа нұсқасымен таныстыру, латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, насихаттау, келер ұрпақты мемлекеттік тілді қадірлеуге, ұлттық құндылықтар мен тарихымызды дәріптеуге, зейінділікке тәрбиелеу. 

 
22 қараша 2022 ж. 18

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам