Асқар тау ұмтылады ұлылыққа

   Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты № 20 кітапхананың ұйымдастыруымен ақын С. Мәуленовтың 100- жылдық мерей тойына орай  . «Асқар тау ұмтылады ұлылыққа» атты поэзия сағаты болып өтті.
   С. Мәуленов қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген ақын. « Әскери өмір менің өмірімнің мектебі болды» деп өзі айтқандай, небары 19 жасында сұрпыл соғыстың сұмдығын көрді. 
   Шараға Ә. Мүсілімов атындағы № 101 мектеп – лицейінің  оқушылары ақынның өлеңдерін жатқа оқып.  белсене қатысты.   Ақынның сөзіне жазылған « Соғыстан қайтқан солдаттар» әні 2 сынып оқушыларының орындауында айтылып, ақынның өмірі мен шығармашылығына арнайы дайындалған бейнебаянды тамашалады. Шараның басты қонағы ретінде келген ақын Мөлдір Айтбай  сөз сөйлеп   өз шығармашылығынан балаларға арналған өлеңін оқып кешті қортындылады. Шараның мақсаты қазақ лирикасының классигі С. Мәуленовтың өмірі мен шығармашылығы жайлы баяндап,ақынның жыр маржандары арқылы өскелең  ұрпақты туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке, патриоттыққа, ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

   
25 қараша 2022 ж. 246

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам