Тлекжан Мұратпен кездесу кеші
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты № 13 балалар кітапханасында Қазақ күресінен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы, «спорт шебері» Тлекжан Мұратпен кездесу кеші Ә. Тыныбаев атындағы № 11 мектеп - лицейінің 7 сынып, № 176 орта мектептің 10 сынып оқушылары қатысуымен өткізілді.
Шараға Қызылорда облысының құрметті ардагері, Тасбөгет кентінің көше камитетінің төрағасы, қоғамдық кеңес мүшесі Достыбаев Калиядин, Облыстық Советтің бірнеше дүркін сайланған депутаты, сауда сегіз бала тәрбиелеп өсірген батыр ана, қәзіргі кезде зейнеткер Сүлименова Кәмпит, Жетікөл ауылында № 174 орта мектепте қазақ тілі әдебиет пәні мұғалімі қазіргі кезде зейнеткер Кенжеев Тлекжан, № 5 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар жасөспірімдер мектебінің қазақ күресінің жаттықтырушысы Тлеубай Серікбол, № 11 мектеп- лицейдің ағылшын пәні мұғалімі Өтепбергенова Мақпал Есенгелдіқызы, № 176 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Қожамбердиева Гүлнар Жақсылықызы қатысты. Шара барысында кеш қонақтары кездесу кешіміздің кейіпкері Тлекжан Мұраттың бала кезінен бастап, бүгінгі күнгі спортта жеткен жетістіктері жайлы жастарға өнегелі әңгімелер мен естеліктер айтты. Бұл кеш шараға келген жасөспірімдерге талпыныс берді. Кешке қатысқан оқушылар кеш қонақтарына өздерінің толғандырған сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды кеш мазмұнды өтті.










