Әлем әдебиеті ана тілімізде

   Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты № 20 кітапханада   « Әлем әдебиеті ана тілімізде»  атты әдеби вернисаж   өткізілді.  Шараға       « Абай» атындағы  дарынды балаларға арналған мектептің 8 сынып оқушылары,  кітапхананың  тұрақты оқырмандары қатысып  М. Твеннің, Д. Дефоның, Д. Лондонның, А. Гриннің .А. Беляевтің т.б авторлардың шығармаларын оқып өз ара кітаптың мазмұны мен оның оқырманға беретін әсері тәрбиелік мәні туралы өз ойларын ортаға салды. Шара барысында  слайд арқылы кітапхана қорындағы  әлем жазушыларының   таныстырылды. 
   Қай елдің болмасын ғасырлар қойнауынан, ұрпақтан ұрпаққа жеткен, рухани мәдени мұрасы қашан да құнды. Сол сарқылмас қазынаны жылдар бойы жанымызға серік етіп, тәлім тәрбие аламыз. Оның ішінде әлем классиктерінің озық туындылары қашанда оқырмандар арасында үлкен сұранысқа ие екені белгілі. Олардың әрқайыссын оқыған сайын, әлемге әртүрлі көзқараспен қарағандай боласың.Сол елдің ауасымен тыныстап, сол жазушының көңілімен толғанасың. Шараның басты мақсаты өскелең ұрпаққа кітап оқыту, білімді ұшқыр ойлы болып өсуіне ықпал жасау. 

   
01 желтоқсан 2022 ж. 40

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам