Спид – қауіпті індет
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №15 Талсуат ауылдық кітапханасында «Спид – қауіпті індет» таным сағаты өткізілді. Іс-шара барысында емхана дәрігерлері Г.Мизамова, Б.Жолшыбекова қатысып, «Cпид» ауруы туралы жалпы түсінік беріп, аурудан жұғу жолдары, сақтану жолдары жайлы айтып, оқырман сұрақтарына жауап берді.
«Өмір – қымбатсың маған» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, тазалық сақтау, салауатты өмір сүру, дұрыс тамақтану, күн тәртібін сақтау, дене шынықтырумен айналысудың маңызы жайлы әңгімелер айтылды.


