Цифрлы технология – болашаққа батыл қадам
Қазіргі уақытта заманауи ақпараттық технологиялардың мүмкіндігі зор. Мамандардың айтуынша, оның ең сапалысы — цифрлы технология. Осы орайда орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде қарасты №6 кітапхана «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Цифрлы технология – болашаққа батыл қадам» атты виртуалды кітап көрмесін ұсынады. Кітап көрмесінен қай салада болмасын, жұмысты жеңілдетуге бірден-бір ықпал жасайтын, адамның білімін және интеллектуалдық әлеуетін арттыратын цифрлы технология жайлы «Интеллектуалды экономика – ХХІ ғасырдың технологиялық жаңғыруы», Қ. Сарбасованың «Инновациялық педагогикалық технологиялар», Е. Балапанов, Б. Бөрібаев, А. Дәулетқұловтың «Жаңа информациялық технологиялар: информатикадан 30 сабақ», А. Левиннің «Самоучитель работы на компьютере» және т.б. әдебиеттермен танысуға болады.
Іс-шараның мақсаты – оқырмандарға цифрлы технология жайлы мәліметтер беру, цифрлы технологиямен жұмыс жасау және оны өндірісте қолдану тәсілдерімен таныстыру, компьютерлік сауаттылықтарын арттыратын әдебиеттерді насихаттау.