Жаны жырдан жаралған
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №12 кітапханада Қ. Мұхамеджанов атындағы мектеп-гимназияның 10»а» сынып оқушыларының қатысуымен ақын Қомшабай Сүйеніш Есіркепұлының 85 жылдығына орай «Жаны жырдан жаралған» атты әдеби кеш өтті. Біріншіден ақынның шығармашылығы мен өнегелі өмір жолы таныстырылды.
Сыр өңірі өнер мен мәдениеттің небір ғажайып туындыларын дүниеге әкелген тума таланттардың рухани мұрасына бай өлке. Солардың бірегейі – Қомшабай Сүйеніш. Қомшабай Есіркепұлы Сүйеніш тек ақиық ақын ғана емес, дарабоз драматург, жампоз жазушы да еді. «Кемпір шалдың еркесі», «Сен де жалғыз, мен де жалғыз» пьесалары кезінде театр сахналарынан түскен жоқ. Ол көптеген повесть, әңгімелермен бірге, бір романның авторы. Қай жанрда қалам тербесе де ол өзіндік қолтаңбасын қалдыра білген Сыр бойының сөз зергері, әдебиетіміздің көрнекті қаламгері болатын. Қомшабай Сүйеніш поэзия жанрымен қатар проза жанрына да қалам тартқан жазушы. Оның «Мен де ғашық болғанмын» кітабына бірнеше әңгімелерін қітапхана оқырмандары талқылады және «Кемпір шалдың кенжесі» пьесасынан үзінділер оқылды. Кешке Қ. Мұхамеджанов атындағы №1 май мектеп-гимназияның тәрбиешісі жөніндегі орынбасары Адамқайырова Нұржамал Жақсылыққызы және қазақ тілі мен әдебиет пәнің ұстазы Қожабай Махаббат Оспанқызы қатысып, ақын шығармашылығын кеңінен әңгімеледі.