«Ақ боз үй» шығармасы
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Жастар орталығында орналасқан №19 кітапханада жазушы Смағұл Елубайдың -75 жас мерейтойына орай «Ақ боз үй» шығармасынан - кітап талдауы Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің мұғалімі мен оқушылары қатысуымен өткізілді.
Шара барысында. шығарманың бас кейіпкерлері Хансұлу мен Шегенің тағдырынан, жас отбасының басынан өткен шым-шытырық отбасылық оқиға туралы, роман желісі бойынша өзгеде кейіпкерлер жайлы №264 мектеп-лицейінің оқушылары Асанов Рахат, Әтібек Гүлнұр, Ысқақова Дана, Әбиева Сымбат суреттеп айтты. Ашаршылық, сталиндік қуғын-сүргін кезеңінде ашаршылыққа ұшыраған халықтың халін, асыра сілтеудің елге тигізген зардабын, билік басындағы әділетсіздікті өткір әшкерелеп, қазақ тарихына ақтаңдақ болып түскен отызыншы жылдар оқиғасын кең және ауқымды көрсеткен шығарма оқырман тарапынан кеңінен талқыланды.
Роман желісі біздің аға ұрпақтың жастық шағы, көшпелі қазақ ауылының жаңа өмірге ауысу кезеңі жайлы тарих пәнінің мұғалімі, тарих магистрі Жәрімбет Ғалия Асанқызы айтып, романның қазақ әдебиетіндегі алатын орны және тарихи маңызын толықтай ашып, кештің мазмұнын келтірді.